Кәсіби ісінде пайдалана білуі керек. Бұл туралы бүгін Алматыда "Тұрақты даму үшін білім беру: Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды сапалы білім берудің шарты ретінде оқу үдерісіне енгізудің әдіснамалық негіздері" деген тақырыпта өткен халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық кадрлар біліктілігін арттыратын республикалық институттың Ақпараттық технология және қашықтықтан оқыту кабинетінің меңгерушісі, педагогика ғылымдарының докторы, доцент Сәуле Мұхамбетжанова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
"Қазір біз қазақстандық педагогтердің ақпараттық-коммуникациялық құзырлығын қалыптастырудамыз. Соған байланысты біліктілікті арттыру жүйесінде модульдық жұмыс бағдарламасын, электрондық партфолио жасадық. Осы құралдардың мүмкіндіктерін әр педагог игере білуі тиіс. Ондағы мақсат - тұрақты білім беру жағдайында ақпараттық-коммуникациялық технологияның рөлін көрсету", деді ол.
Оның айтуынша, бүгінгі таңда интерактивтік тақтамен мұғалімдердің 60 пайызы жұмыс істей алады. "Интерактивтік тақтамен Алматы қаласындағы барлық мектептер қамтылды. Республика бойынша 3 500 мектеп қамтамасыз етілді. Біз биылғы жылы қыркүйек айынан бастап электрондық оқыту жүйесін енгіземіз. 2012 жылға дейін бұл жүйені барлық педагог жетік меңгеріп шығады деп ойлаймын. Мұғалімдер бірінші кезеңнен өтті, яғни компьютерлік сауаттылық қалыптасты, енді келесі кезеңде педагогтердің кәсіби іс әрекетіне осы технологияларды қолдану біздің алдағы мақсатымыз", деп атап өтті Сәуле Мұхамбетжанова.
Оның айтуынша, технологияларды меңгеруде мұғалімдер тарапынан қызығушылық арта түсіп отыр.