«Қазақстан ғылымының бүгінгі басты мәселесі - бұл ғылыми кадрлардың және ғылым қызметкерлерінің жоқтығында. Қолданбалы және іргелі ғылымды басқару мен қаржыландырудың жалпылық, командалық-әкімшілік жолдары ғылым мен білім арасындағы алшақтықты жеңбей әрі білім жүйесі арқылы қоғамдағы ғылыми ортаны құрмай тиісті нәтиже бермейді. Қоғамға ғылымды дамытудың білім беру доктринасы қажет», - дейді ол.
Қ.Нұровтың атап өтуінше, осыған байланысты қор «Ақпаратты қоғам-2030» саясаты жобасында білім мен ғылым арасындағы алшақтықты жеңудің бірнеше шараларын ұсынған. Аталған шаралар үздіксіз академиялық білім берудің ұлттық үлгісін енгізу, оқу-әдістемелік құралдарының ғылыми мазмұнына жалпы тұжырымдамалық талаптар қою, орта мектептің жоғары сыныптарында және жоғары мектептердегі ғылыми мектептерді қалпына келтіру және қалыптастыру, «далалық» және қолданбалы зерттеулерді оңтайландыру, сондай-ақ іргелі зерттеулерді қаржыландыру сынды жайттарды қамтиды.