АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпараттық агенттігі» ЖШС «inform.kz» сайтының (бұдан әрі - Сайт) меншік иесі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 20 қаңтарындағы №181 Жарлығымен тағайындалған 2016 жылғы 20 наурызда өтетін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің кезектен тыс сайлауына қатысатын, партиялық тізімдер бойынша сайланатын Мәжіліс депутаттығына үміткерлерді және сол Жарлықпен тағайындалған 2016 жылғы 20 наурыздағы Қазақстан Республикасы мәслихатына сайлауға қатысатын, Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттығына үміткерлерді үгіт материалдарын орналастыру үшін төлемі, шарты, тәртібі туралы хабардар етеді.

Сайлауалды үгіт-насихат 2016 жылғы 20 ақпаннан басталып, сайлаудың алдында бір күн бұрын жергілікті уақыт бойынша сағат 00.00-де аяқталады, осылайша, Сайтта үгіт-насихат материалдарын орналастыру 2016 жылғы 18 наурызда сағат 24:00-ге дейін жүзеге асырылады.

Үгіт-насихат материалдарын Интернет сайтта орналастырудың жалпы шарттары мен тәртібі:

Сайтта орын беру inform.kz Сайтының меншік иесі мен партиялық тізімін ұсынған саяси партияның сенімді тұлғасы, Қазақстан Республикасы мәслихат депутаттығына үміткер не оның үгіт материалдарын орналастыруға сенімді тұлғасының арасында жасалған шарт негізінде жүзеге асырылады.

Сайтта ақпарат орналастыру үшін партиялық тізім ұсынған саяси партияның сенімді тұлғасы, Қазақстан Респуцбликасы мәслихаттарының депутаттығына үміткер не оның сенімді тұлғасы Сайттың меншік иесіне төмендегі мәліметтерді көрсете және бере отырып, жазбаша өтініш білдіреді: 1) партиялық тізімнің, мәслихат депутаттығына үміткердің ұсынылуын растайтын құжат көшірмесі; 2) саяси партияның уәкілетті өкілінің, мәслихат депутаттығына үміткердің сенімді тұлғасының өкілеттігін растайтын құжаттың көшірмесі; 3) жарияланатын материалдың жоспарланған көлемін, үгіт материалдарының түрін көрсете отырып, жазбаша өтініштің мазмұны; 4) өтініш берген саяси партия уәкілетті өкілінің, мәслихат депутаттығына үміткердің не оның сенімді тұлғасының жеке куәлігінің көшірмесі; 5) жазбаша өтініш берген тұлғаның қолы.

Жазбаша өтініш Сайт 2016 жылғы 22 ақпаннан бастап 2016 жылғы 17 наурызға дейін демалыс пен мереке күндерін қоспағанда, күн сайын сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін мына мекенжай бойынша қабылданады: Астана қаласы, Орынбор көшесі, 4-үй, «Алтын Орда» бизнес орталығы, 203-кабинет.

Жарияланымда олардың төлемі, қаржыландыру көздері туралы ақпарат болуы тиіс.

Материалдарды орналастыру кезегін Сайт жазбаша өтініштердің келіп-түсу тәртібіне байланысты белгілейді. Бірнеше саяси партиялар немесе мәслихат депутаттығына үміткерлерден сол күні бір уақытта өтініштер түскен жағдайда, Сайт жеребе рәсімін жүргізеді. Жеребеге материалдарды орналастыру кезегіне таласатын саяси партиялардың уәкілетті өкілдері немесе мәслихат депутаттығына үміткерлер және тәуелсіз тарап ретінде Сайт өкілі қатысады. Әр саяси партияның не мәслихат депутаттығына үміткердің уәкілетті тұлғасына сырты жапсырылған конверт таңдау ұсынылады, оның ішінде материалдарды орналастыру күні көрсетіледі. Конверт саны таласқа түсушілер санына тең болады. Жеребе аяқталған соң қатысушылар мен БАҚ өкілдері жеребе хаттамасына қол қояды. Жеребе нәтижесі (хаттама көшірмесі) тиісті сайлау комиссиясына беріледі.

Үгіт-насихат материалдарын беру тәртібі

Үгіт-насихат материалдары Сайтқа жариялаудан 1 (бір) жұмыс күні бұрын беріледі.

Сайт егер материалдан Конституциялық құрылымды күштеп өзгертуге, Қазақстан Республикасының тұтастығын бұзуға, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруге, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық араздықты қоздыруға, зорлық-зомбылыққа шақыруға және заңдарда көзделмеген әскерилендірілген құрамалар құруға бағытталған идеяларды байқайтын болса және заңнамада көзделген өзге де негіздерде үгіт материалдарын қабылдаудан бас тартуға құқылы.

Сайт материалда саяси партиялардың немесе мәслихат депутаттығына басқа үміткерлердің ар-намысына, абыройына немесе іскерлік беделіне нұқсан келтіретін ақпарат болған жағдайда үгіт материалдарын орналастырудан бас тартуға құқылы.

Осы хабарламада көрсетілген Интернет сайтқа ақпарат орналастыру шарты мен тәртібі уәкілетті органдар талаптарына сәйкес түзетілуі мүмкін.

Сайтқа үгіт материалдарын орналастыруға төлем тәртібі және көлемі

Үгіт материалының түрі

Сайтқа орналастыратын орын

Сипаты (белгілер саны, фото, пиксельдегі мөлшері)

Тәулігіне құны,

ҚҚС-ны қоса алғанда, теңгемен

1

Мақаланы орналастыру

Басты бетте жаңалықтар лентасы

Тақырыптық айдар

Мақала 1800 белгіге дейін, 4 фотоға дейін (басты фото - 360х220; қалған фото - 800х400)

50 000,00

2

Мақаланы орналастыру

Басты бетте жаңалықтар лентасы

Тақырыптық айдар

мақала 1800 астам белгі, 4 фотоға дейін (басты фото - 360х220; қалған фото - 800х400)

70 000,00

3

Ақпараттық хабарламалар, баспасөз баяндарын орналастыру

Басты бетте жаңалықтар лентасы

Тақырыптық айдар

1800 белгі, 4 фотоға дейін

25 000,00

4

Ақпараттық хабарламалар, баспасөз баяндарын орналастыру

Басты бетте жаңалықтар лентасы

Тақырыптық айдар

1800 белгіден астам, 4 фотоға дейін

35 000,00

5

Баннер

Басты беттің жоғары жағы

1100х65

1100х100

18 000,00

6

Баннер

Басты беттің сол бағаны

240х65

240х130

5 000,00

7

Баннер

Басты беттің басы

400х65

10 000,00

8

Баннер

Айдар бетінің сол бағаны

240х65

240х130

3 000,00

9

Баннер

Айдар бетінің басы

400х65

5 000

10

Баннер

Айдар бетінің төмен жағы

400х65

4 000,00

11

Баннер

Мақала бетінің төмен жағы

740х65

740х165

15 000,00

12

Баннер

Мақала бетінің оң бағаны

324х65

324х165

10 500,00

Төлем Сайт ұсынған есепшот негізінде, шығарылған күннен бастап 5 (бес) банктік күн ішінде жүзеге асырылады.

Төлем ақпарат орналастыру туралы тиісті шартта немесе есепшотта көрсетілген Сайттың банктік реквизиттері бойынша жүзеге асырылады.

«ҚазАқпарат» ХАА» ЖШС

Бас директоры Д.Дияров