Ақпараттық қауіпсіздік мақсатында IT-саласындағы қолданбалы бағдарламалық жасақтама отандық болуы шарт

None
АСТАНА. 1 қараша. ҚазАқпарат - Ақпараттық қауіпсіздік мақсатында IT-саласындағы қолданбалы бағдарламалық жасақтама отандық болуы шарт. 

Бүгін «Kazakhstan Information Technologies -2012» көрме-конференциясы барысында еліміздегі ІТ-компаниялар қауымдастығының президенті  Нұрлан Исин осылай мәлім етті.

Оның пайымдауынша, бұл біріншіден осы салада ешкімге тәуелді болмас үшін, капиталдың сыртқа ағымына жол бермеу үшін, сондай-ақ Қазақстанда жоғары технологиялар тұрғысында жұмыс орындарын құруға қажет.

Н. Исиннің айтуынша, бүгінде көптеген отандық мамандар жұмыс таба алмай жүр. Ал  ол үшін ең алдымен жұмыс орындарын қалыптасыру үшін ІТ-компаниялар тиісті тапсырыстарға қол жеткізуі қажет.

Айта кетейік бүгінгі шара барысында саланың түрлі бағыттарын қамтып отырған 20-дан астам үздік жобалар іріктелініп, көпшілік назарына ұсынылды.