Олимпиадаға қатысушылардың ақпараттық технологиялар саласындағы болашақ мамандарға тәжірибе алумен қатар күрделі теориялық мәселелерді шешуде өздерін сынап көру мүмкіндігі болады. Мұның сыртында, олимпиадаға қатысушылар ҚР ККМ жанындағы «Мемлекеттік техникалық қызмет» РМК-ына қызметке алыну мүмкіндігі болады. Зияткерлік сайысқа қатысу ақысыз. Ал жеңімпаздарға бағалы, осы заманғы жүлделер -смартфондар мен планшеттер тапсырылады.
19:00, 24 Сәуір 2013
Ақпараттық қауісіздік тақырыбындағы ЖОО-лар арасындағы студенттер олимпиадасының Ашық туры өтеді
АСТАНА. 24 сәуір. ҚазАқпарат - 2013 жылғы 25-26 сәуірде «Ақпаратық технологиялар, ақпараттық қауіпсіздік және радиотехника» Интернет-тур олимпиадасының тапсырмаларын орындаған Қазақстанның 9 жетекші жоғары оқу орындары студенттері өздері тікелей қатысатын Ашық турға шақырылады. Бұл туралы ҚР Көлік және коммуникация министрлігі баспасөз қызметінен хабарланды.