Қазақстандағы IDC өкілдігінің басшысы Андрей Беклемишевтің айтуынша, Қазақстан ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дамытудың жаңа кезеңіне еніп отыр. Осы орайда бұл саланың өркендеуі жаңа мүмкіндіктерге жол ашуда. Атап айтқанда, осы бағыттағы жаңа мүмкіндіктер елімізде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дамытуға негізделген «Ақпараттық Қазақстан 2020» жаңа бағдарламасының жобасында көрініс табуда.
«Ақпараттық Қазақстан 2020» бағдарламасы аясында «электрондық үкіметті» енгізу жаңа деңгейге көтеріледі және жақын арада мемлекеттік қызметтің басым бөлігі электрондық үлгіде ұсынылады»,-деді ол.
Оның сөзіне қарағанда, «е-әкімдіктерді» дамыту үшін үш деңгейлі модель құрылады. Атап айтқанда олар облыс, қала, аудан болып жіктелмек.