Бұл туралы бүгін ҚР Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің жауапты хатшысы Болат Махамбетажиев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оның айтуынша, бүгінгі таңда бұл көрсеткіш 3,3 пайызға тең. «Алдағы 4 жылда Қазақстанның ақпараттық -коммуникациялық саласының негізгі үш саласы - телекоммуникациялар, пошта қызметі мен ақпараттық технологияларды дамыту арқылы бұл саланың жалпы ішкі өнімдегі үлес салмағын 5 пайызға дейін жеткізу жоспарланған. Демек, 2014 жылы оның үлесі 1100 млрд. теңге болмақ», деді Б. Махамбетажиев.
Айта кетейік, қазіргі кезде еліміздің ақпараттық-коммуникациялық саланың ішкі жалпы өнімдегі үлес салмағы 521 млрд. теңгені құрап отыр.