деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бұған дейін хабарлағанымыздай ҚазҰУ-дың ЮНЕСКО кафедрасы мен «Әріптес» алматылық үкіметтік емес ұйымдар бірлестігі мемлекеттік ақпарат саясаты бойынша бірқатар іс-шараларды өткізген болатын. Мәселен, Қазақстандағы ақпарат саясаты тақырыбында ҚазҰУ-дың журналистика факультетінің ұстаздары Астана, Алматы, Талдықорған, Өскемен, Орал, қалаларындағы БАҚ өкілдері, журналистика факультетінің студенттеріне шеберлік сыныптарын өткізген. Сонымен қатар аймақтардағы ақпараттық саясат туралы зерттеу жүргізген. Бүгін тұсауы кесілген кітап осы шаралардың қорытындысы бойынша жарық көріп отыр. Кітапта ақпараттық кеңістік туралы зерттеу жұмыстары, аймақтарда өткізілген шеберлік сыныптары туралы материалдар, БАҚ өкілдері арасында жүргізілген әлеуметтік зерттеу нәтижелері берілген.
Кітап студенттерге, ұстаздарға, журналистер мен әлеуметтанушыларға арналған.