деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оның сөзіне қарағанда, жақында Павлодар облысында тұрғындардың бірінен арыз түсіп, аталмыш арыз негізінде алаяқтық әрекет жасады деген айыппен қылмыстық іс қозғалған. Шағымданушының айтуынша, белгісіз біреулер келіп, аздаған сомаға Kcell корпоративтік абоненттік байланыс нөмірінің төртеуін сатып алу жөнінде ұсыныс жасаған. Алғаш сатып алған кезде нөмірде ешқандай да қарыз болмағанымен бір айдан соң ұялы байланыс операторы оған 1,8 миллион теңге қарыз екендігін мәлімдеген. «Мұндай алақтық әрекетті біз алғаш рет кездестіріп отырмыз. Осыған байланысты мән-жайды анықтай келе біз мынадай фактілерді кездестірдік. Ресейдің Санкт-Петербор қаласында тіркелген арнайы сайт арқылы белгісіз біреулер қазақстандық азаматқа сатылған нөмірлерден түрлі смс хабарлар жіберіп отырған. Жіберілген хабарлардың көптігі соншалық, ол 1,8 миллион теңгені құраған. Қазіргі таңда бұл іс бойынша тергеу, іздестіру шаралары жүргізілуде. Біз ресейдегі сайт иесінің бұл іске қатысы жоқтығын анықтадық. Енді оған кінәлілер іздестірілуде», деді Криминалдық полиция комитетінің өкілі.