Ақпараттық технологиялардың заманауи талаптарына жауап беретін бірыңғай ақпараттық жүйе құру қажет - Ә. Смайылов

А. Қаңтардың 23-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - 2010 жылы «Е-статистика» ақпараттық жүйесінің техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеп,

алдағы үш жылда ақпараттық технологиялардың заманауи талаптарына жауап беретін бірыңғай ақпараттық жүйені құру қажет. Бұл туралы ҚР Статистика агентігінің бүгінгі алқа мәжілісінде ведомство басшысы Әлихан Смайылов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның айтуынша, респонденттер цифрлық қолтаңбаны қолдана отырып Агенттіктің веб-порталында он-лайн режімінде есептілік бланкаларын толтыру мүмкіндігіне ие болуы тиіс. Шаруа қожалықтары және фермерлік шаруашылықтармен тиімді жұмыс істеу үшін Cаll-орталықты құру қажет. Бұл апараттарды телефонмен алу және оны цифрлау және одан әрі өңдеу үшін керек. «Пайдаланушылар ыңғайлы интерфейс арқылы агрегаттандырылған статистикалық мәліметтерге қол жеткізу мүмкіндігіне ие болуы тиіс. Бұл ретте ақпараттық-талдамалық жүйе және геоақпараттық жүйе кестелік, графикалық және географиялық мүддеге қажетті ақпараттарды алуға мүмкіндік беруі тиіс», деді ол. Сонымен қатар Ә. Смайылов әкімшілік көздерден мәліметтерді алу арқылы да респонденттерге түсетін жүктемені азайтуға болатынын айтты. «Көптеген мемлекеттік органдарда қажетті ақпарат бар. Аталмыш ақпараттар өңдеу және агрегаттандырылған статистикалық көрсеткіштерді қалыптастыру үшін әкімшілік мәліметтер базасында жинақталатын болады», деді ол.