Акробат Ниагара сарқырамасы үстімен арқанмен жүріп өтті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Әуе акробаты Ник Валленда Ниагара сарқырамасынан жүз жылдан астам уақыт аралығында керілген арқанмен өткен алғашқы адам атанды.

Ол қатерлі жолды жарты сағатта еңсерді: осы уақыт ішінде машықтанған акробат сарқыраманың үстінен 50 метр биіктікте америкалық-канадалық шекараны қиып өтті.

Жүрек жұтқан акробатқа шашыранды сулар мен негізгі арқанның тербелуін бәсеңдететін орнықты кендірдің болмауы аз кедергі келтірген жоқ.

«Бұл ерлікке іштей оқыған дұғамның арқасында қол жеткіздім», - деді Валленда журналистерге берген сұхбатында. - Бастысы, аса зейінділік, жинақылық пен жаттығу қажет», - деп қосты ол.

Аса қызықты да тосын оқиғаны тамашалауға 125 мың канадалық және шамамен 4 мыңдай америкалық көрермен жиналды.