ОРАЛ. ҚазАқпарат – Ақсай қаласында 20 жастағы тұрғын 8-қабаттан құлап кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға 3 тамыз күні таңертең болған.
Сағат 07.00-дер шамасында 2000 жылғы тұрғын сегізінші қабаттан құлаған. Марқұм жедел жәрдем келгенге дейін көз жұмған. Оның денесі сот-медициналық сараптамаға жіберілді.
Аталған оқиға өзіне-өзі қол жұмсау дерегі ретінде тіркелді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Ақсайда ғимаратта газ қопарылып, бір адам мерт болған еді.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).