ОРАЛ. 13 ақпан. ҚазАқпарат - Ақсай қаласында биыл дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы басталмақшы.
Аудан әкімі Марат Түсіпқалиевтің айтуынша, өткен жылы аталмыш кешеннің жобалық-сметалық құжаты жасалған болатын. Қазіргі кезде ауданда 116 спорттық ғимарат бар. Спорттың 27-ден астам түрі бойынша түрлі жарыстар өткізіліп келеді. Соның ішінде облыстық чемпионат, халықаралық турнирлер де бар.
2012 жылы дене шынықтыру және спортпен айналысушылар саны алдыңғы жылмен салыстырғанда 21 пайызға көбейді.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).