ОРАЛ. ҚазАқпарат - Ақсай қаласында 2 маусым күні №4 орта мектептің 10-сынып оқушысы өзіне-өзі қол жұмсады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.
Бөрлі аудандық ішкі істер бөлімінен түскен алдын ала мәліметке қарағанда, жасөспірім үйде жалғыз болған. Ресми емес жорамал бойынша оның мұндай қадамға баруына емтихан кезінде алған төмен бағасы себеп болған сыңайлы.
Қазіргі кезде тергеу амалдары жүргізілуде.
Айта кетейік, бұл - осы аптада Ақсай қаласында орын алған екінші оқиға. 28 мамыр күні 1996 жылғы жігіт 10-шағынауданда тоғызыншы қабаттан секіріп кеткен болатын.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).