БҚО ТЖ департаментінен алынған мәліметке қарағанда, 25 қаңтар күні сағат 11.25-те Линейная көшесі 38-үйдің №4 пәтерінде өрт болғаны жөнінде хабар түскен. Дәлізде төбе жабыны, жеке заттар мен жиһаз отқа оранған. Өрт аумағы 15 шаршы метрді қамтыған. Зардап шеккендер жоқ.
Сағат 12.34-те беті қайтып, 13.30-да ауыздықталған өрттің себеп-салдары, келтірілген шығын анықталуда.
Орал қаласында тұратын ерікті Ғалия Бекқожиеваның айтуынша, 32 жасар жалғыз басты ана үш ұлымен өрт болған пәтерді жалға алып тұрған. Әйелдің өзі жұмыста болған, 12, 9 және 6 жастағы балалар сіріңкемен ойнаған кезде өрт шыққан. Соның салдарынан барлық заттары, құжаттары жанып кеткен. Енді әйелге көршілеріне келтірілген шығынды да өтеуге тура келеді. Қазіргі кезде баспанасыз қалған әйел еріктілердің көмегімен уақытша жалға алған пәтерде тұрып жатыр. Басқалай да жәрдем көрсетілуде.
Көмек қолын созғысы келгендер 8-747-762-04-32 телефонына хабарласа алады.
Иллюстрацилық фото