Ақсай қаласында жаңа нысандар ашылды

None
ОРАЛ. 9 желтоқсан. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Ақсай қаласында кеше, 8 желтоқсан күні облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетовтің қатысуымен жаңа нысандар ашылды.

Облыс басшысы алдымен 10-шағынаудандағы «Ақсайжылуқуат» МКК-ға қарасты қазандықта болды. Аталмыш қазандықты «ҚПО б.в.» компаниясы күрделі жөндеуден өткізіп берген. Соның арқасында Ақсай қаласында жылу беру жақсарып отыр. Осы компания қаржысына өткен жылы қалада 900 орындық №6 орта мектеп ғимараты ашылған болатын. Мұнда 36 оқу, 4 лингафонды кабинеттер, 4 шеберхана, 3 өзін-өзі тану кабинеті, 2 спорт залы жұмыс жасайды. Биылғы ҰБТ қорытындысы бойынша мектеп облыста үздік ондықтың қатарына еніп отыр. Мектепке ат басын тіреген әкім білім ордасының қазіргі заман талаптарына толық сай келетінін айтып, оқу-тәрбие үрдісін жетілдіре беру қажеттігіне назар аударды.

Облыс басшысы осы күні «Сарыарқа» спорт кешені мен «Самал» қонақүйінің ашылу салтанатына қатысты.