ОРАЛ. ҚазАқпарат - 4 қараша күні шамамен сағат 10.00 шамасында Ақсай қаласындағы «Виадук» көпірінде «ВАЗ-21900» автокөлігі қарсы бетке шығып кетіп, «ГАЗ-2705» автокөлігімен соқтығысқан, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.
Бөрлі аудандық ішкі істер бөлімі жергілікті полиция қызметінің инспекторы Нұрсұлтан Бекесовтің айтуынша, жол-көлік оқиғасы салдарынан «ВАЗ-21900» автокөлігінің жүргізушісі, 1973 жылғы қала тұрғыны аудандық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілгенмен, есін жия алмастан көз жұмған.
Аталмыш дерек бойынша ҚР ҚК 345-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Сараптама да тағайындалды.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).