Ақсай тұрғындары тау боп үйілген қоқысқа шағымданып жатыр

Фото: None
АҚСАЙ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысы Ақсай қаласының тұрғындары айлар бойы жиналып, тау боп үйілген қоқысқа шағымданып жатыр. Ешбір шара болмаған соң, фотоларды әлеуметтік желіге салып, жұртшылық назарын аудартпақ. Бұл туралы «Мой ГОРОД» порталы хабарлады.

Басылымның жазуынша, даудың басы 15 сәуірдебасталған. Сол кезде жергілікті билік қоқыстарды алып кететін компания техниканыжалдағаны үшін 1,7 млн теңге қарыз болып қалғанын жариялады. Солайша, басқаоператор іздестіре бастаған. Бүгінде «ДемСервис» ЖШС-мен шарт жасалған. Біраққоқыс сол күйі әлі жатыр.

«Тихоненко көшесі, «Диляра» дүкенініңалдындағы қоқыстың жатқанына бір ай болды!», - деп жазды Instagram-дағы «ЖалобаАқсай» тобының пайдаланушыларының бірі.

Желі қолданушыларының айтуынша, бүкіл қаладағыжағдай осындай. Ал тау болып үйілген қоқыс егеуқұйрықтардың мекеніне айналған. Қолаңсаиістен жәшіктердің маңынан жүріп өту мүмкін емес.

Ақсай тұрғындары айлар бойы жиналмаған қоқысүшін ақша төлегісі келмейтінін білдіріп жатыр.

Ал қала әкімі Амангелді Тоғызбаев Facebook-темәлім еткендей, қоқыс тасымалдаудың төлемі жиналмай жатыр. Оның үстіне, қажеттітехника жоқ, жұмысшылар тапшы.

Қала басшысы жағдайды реттеудің амалықарастырылып жатқанын жеткізді.

Оның айтуынша, «Асар» акциясы өткізіліп, екіаптаның ішінде 850 тонна қоқыс шығарылған.

Соңғы жаңалықтар