Ақсайда ер адамның өліміне байланысты тергеу жүргізілуде

None
ОРАЛ. ҚазАқпарат  - Ақсайда ер адамның өліміне байланысты тергеу жүргізілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, 7 маусым күні сағат 07.15-те 5-шағынаудандағы 12-үйдің 1-қабатында орналасқан «Алмаз» ақша айырбастау пунктінен көптеген пышақ жарақаттарымен 1966 жылғы А. есімді азаматтың мүрдесі табылды.

Қазіргі кезде Бөрлі аудандық ішкі істер бөлімі ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлігіне сәйкес (кісі өлтіру) тергеу амалдарын жүргізуде.

Еске сала кетейік, Ақсайда кеше белгісіз біреудің қала тұрғынын пышақтап кеткенін жазған болатынбыз. Марқұм валюта айырбастаумен айналысқан.