ОРАЛ. ҚазАқпарат - Ақсай қаласында гір спортынан жастар, жасөспірімдер мен қыздар арасында Қазақстан чемпионаты мәреге жетті.
БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, еліміз облыстарынан қатысқан мықты командалар арасынан батысқазақстандықтар да жүлдегерлер қатарынан көрінді. Атап айтқанда, жасөспірімдерден Расул Төлеуов 85 кг, қыздардан Роза Варданян 68 кг салмақта күміс жүлдегер атанды. Андрей Наугольный жастар арасында 95 кг салмақта қола жүлдені иеленді. Командалық эстафетада БҚО құрамасы үшінші орынды еншіледі. Ал Виктор Друзик халықаралық дәрежедегі спорт шебері нормативін орындады.
Спортшыларды гір спортынан БҚО құрамасының аға бапкері Мұрат Ибатов дайындады.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).