ОРАЛ. ҚазАқпарат - Ақсай қаласында тоғызыншы қабаттан құлап кеткен үш жасар бала көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың айтуынша, ұл бала 16 сәуір күні көз жұмды.
Оқыс оқиға 8 сәуір күні орын алды. 2015 жылғы бала Бөрлі аудандық ауруханасының жансақтау бөлімінде сегіз күн бойы есін жимай жатып, қайтыс болды.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Ақсайда үш жасар баланың тоғызыншы қабаттың балконынан құлап кеткенін жазған болатынбыз. Сондай-ақ Оралда жоғалып кеткен әйелдің денесі табылды.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).