АҚСАЙ. ҚазАқпарат - Ақсай қаласында тоғызыншы қабаттың балконынан үш жасар ұл бала құлап кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Батыс Қазақстан облысының Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың айтуынша, оқыс оқиға кеше болған.
2015 жылғы (3 жас 7 ай ) бала бірден Бөрлі аудандық орталық ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылды.
Телефон арқылы облыстық көпбейінді балалар ауруханасының хирургінен кеңес алынды.
«Баланың жағдайы өте ауыр, ес-түссіз болғандықтан, тасымалдауға келмейді. Сондықтан құрамында балалар нейрохирургы, хирургы және реаниматологы бар санавиация бригадасы Ақсайға аттанды», - деді ҚазАқпарат тілшісіне А.Сақпосынова.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).