ОРАЛ. ҚазАқпарат – Ақсай қаласында жастар жаппай төбелесіп, үшеуі пышақ жарақатын алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 3 ақпан күні орын алды.
Сағат 08.10 шамасында Бөрлі аудандық орталық ауруханасына 1994, 1997 және 1997 жылғы жастар пышақ жарақатымен жеткізілген.
Осы қылмысқа күдікті ретінде Ақсай қаласының 1996, 1997, 1996 және 2001 жылғы тұрғындары ұсталды.
Қазіргі кезде ҚР ҚК 106-бабы 2-бөлігіне (екi немесе одан да көп адамға қатысты денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру) сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың айтуынша, жарақат алғандардың үшеуіне де ота жасалған. Жағдайлары өзгеріссіз, бірқалыпты, ауыр.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).