ОРАЛ. ҚазАқпарат - Ақсай қаласындағы атыс оқиғасы бойынша тергеу амалдары жүргізілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 16 қыркүйек күні шамамен сағат 01.30-да орын алды.
Белгісіз біреу тұрғын үйдің ауласында 1977 жылғы ер адамға оқ атқан. Соның салдарынан түрлі жарақат алған ер адам ауруханаға жеткізілді.
Аталған дерек бойынша Бөрлі аудандық ішкі істер бөлімі ҚР ҚК 106-бабы 2-бөлігіне сәйкес (қасақана ауыр дене жарақатын келтіру) сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Ақсайда атыс болып, ер адамның ауруханаға түскенін жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).