АСТАНА. 15 маусым. ҚазАқпарат - АҚШ-та жүргізілген демографиялық жаңа зерттеуге сәйкес, 2028 жылға қарай Үндістан әлемде адам саны бойынша Қытайдан да озып, алға шығады. Бұл туралы ВВС хабарлады.
Мамандардың санағына қарағанда, аталған уақытта бұл елдердің әрқайсысында шамамен 1,5 млрд. адам өмір сүретін болады. Ал осыдан кейін Үндістан халқының өсімі жалғасады екен, ал Қытайда бұл қарқын бәсеңдейді.
Бүгінде әлемдегі халық саны 7 млрд. адамнан асып түсті. 2024 жылға қарай бұл көрсеткіш 9,6 млрд. адамды құрайды деп күтілуде. Атап айтқанда, дамушы елдерде бала туу деңгейі бұрынғысынша өте жоғары болмақ.
Руслан Ғаббасов
Ақмола облысының Біржан сал ауданында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 2005 жылдан бері «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істеп келеді.