Райс Twitter әлеуметтік желісіндегі аккаунтында: «Бүгін Нигерияда қаралы күн, өйткені туған ауылында Чинуа Ачебе жерленді» деп жазған. Бірнеше сағаттан кейін хабарлама алынып тасталды. Алайда саясаткердің сөздері желіге тарап үлгерген еді.
Кейінірек Райс сол Twitter арқылы қателігін ақтауға тырысты, деп хабарлайды «Ресей 24» телеарнасынан. Бірақ оның жаңа жазбасына бірқатар ашулы комментарийлер жазылды. Әлеуметтік желілердің пайдаланушыларының есептеуінше, түсінбестік кеңесшінің Нигерия жазушысының қайтыс болуына екі жыл толуына орай жазылған некрологты қайтыс болу туралы хабарлама деп қабылдауынан туындаған.