АҚШ әкімшілігіндегі келіспеушіліктер іске Трампты араласуға мәжбүр етті
АСТАНА. KAZINFORM – Президент Дональд Трамп Илон Маск пен Министрлер кабинеті арасындағы келісімге қол жеткізуге тырысып жатыр. Бұл жерде Үкімет тиімділігін арттыру департаменті басшысының олардың ведомстволарына араласуына байланысты алауыздық күшейіп келеді, деп хабарлайды POLITICO.
Вашингтонда Маск билігіне наразылық бірнеше апта бойы күшейіп, шиеленіс Мемлекеттік хатшы Марко Рубио, көлік министрі Шон Даффи, қорғаныс министрі Пит Хегсет және ардагерлер істері жөніндегі хатшы Даг Коллинз бейсенбіде Илон Масктың федералдық агенттіктер мен штат бағдарламасының қысқаруына байланысты алаңдаушылығын білдірген кезде артты.
Рубио оның командасы Мемлекеттік департаменттің бақылауындағы АҚШ халықаралық даму агенттігін таратқаннан кейін Маскқа бірнеше апта бойы ашуланып жүрді, деп жазды News18.
Трамп өз әкімшілігінің жоғары лауазымды мүшелеріне Масктың департаменттерге ұсыныстар беруге құқығы бар екенін, бірақ кадр немесе саясат бойынша біржақты шешім қабылдамайтынын айтты. Президент мәлімдемесі – Маск өкілеттігін тарылтудағы алғашқы маңызды қадам.
Үкімет тиімділігі департаментінің басшысы Трамптың нұсқауымен келісетінін растады.
Ақ үй басшысы жұма күні Сопақ кеңседе тілшілер алдында сөйлеген сөзінде Рубио мен Маск «жақсы тіл табысқанын» және олардың арасында «ешқандай қайшылық жоқ» екенін мәлімдеді.
Ақ үйдің баспасөз хатшысы Кэролайн Ливитт өз мәлімдемесінде «барлығы президент Трампқа үкіметімізді тиімдірек ету туралы уәдесін орындауға көмектесу үшін команда болып жұмыс істеп жүргенін» айтты.
Бұған дейін Илон Маск Дональд Трамп саясатының кесірінен байлығының төрттен бірін жоғалтқанын жазған болатынбыз.