Америка бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, бұл туралы кеше, шілденің 20-сында Мемлекеттік хатшы Хиллари Клинтон Үндістанның Нью-Дели елордасында берген баспасөз мәслихатында мәлім етті. Оның айтуынша, Вашингтон осы мәселеге қатысты өз алаңдаушылығын Пәкістан өкіметінң құзырына бірнеше рет жеткізген, деп хабарлайды ҚазАқпарат ИТАР-ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
«Біздің елімізге қарсы жасалған 2001 жылғы қыркүйектің 11-індегі лаңкестік әрекетті жоспарлағандардың жүрген жерлеріне келетін болсақ, олардың көпшілігінің Пәкістанда бой тасалап жүргеніне біз нық сенімдіміз», деп атап көрсетті Клинтон ханым. Мемлекеттік хатшы сондай-ақ, АҚШ-тың «аталған қылмыскерлерге қол жеткізуге мүмкіндік беретін қосымша мәліметтерді белсенді іздестіріп жатқанын» айтып сендірді.