АҚШ әлем бойынша виза беруді тоқтатып қойды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Америка Құрама Штаты әлем бойынша виза беруді уақытша тоқтатты, деп жазады шетелдік БАҚ.

«Қазіргі уақытта АҚШ Мемлекеттік департаментінің Консулдық мәселелер жөніндегі бюросында әлем бойынша виза беру үрдісіне әсер еткен паспорттық-визалық жүйенің техникалық ақауы орын алуда. Аталмыш проблема - жаһандық сипатта. Мұның белгілі бір елге не визалық санатқа қатысы жоқ», - делінген хабарламада.