АҚШ әлемдегі алғашқы АИТВ-ге қарсы вакцинаны мақұлдады

Фото: freepik.com

АСТАНА. KAZINFORM — АҚШ-тың Азық-түлік және дәрі-дәрмек басқармасы (FDA) 20 жылға жуық уақыт әзірленген жаңа препаратты мақұлдады, деп хабарлайды Kazinform тілшісі.

Ол жылына екі рет қана қабылданатын, АИТВ індетінің алдын алатын әлемдегі алғашқы дәрі болмақ.

Биофармацевтикалық компанияның айтуынша, препарат иммун тапшылығы вирусын дене жасушаларына енгенге дейін ерте кезеңде блоктау арқылы әрекет етеді. Инъекция жарты жылда бір рет тері астына енгізіледі және инфекциядан (АИТВ) сенімді қорғаныс береді.

— Бұл АИТВ-ге қарсы көпжылдық күрестен кейінгі тарихи күн. Қазіргі заманның маңызды ғылыми жетістіктерінің бірі иммун тапшылығы вирусы (АИТВ) індетін тоқтатуға нақты мүмкіндік береді, — деді компанияның атқарушы директоры.

Зерттеу деректері препаратты 3-фаза 1 PURPOSE және PURPOSE 2 сынақтарында қабылдаған қатысушылардың 99,9%-ында оң нәтиже бергенін көрсетеді.

Бұған дейін Өзбекстанда шетелдіктер мен мигранттарға ЖИТС-ке міндетті тестілеу енгізілетіні хабарланған болатын.