АҚШ: алқа билер «Снайпердің» өлімі туралы істі қарайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-та Техас штатында соғыстан психикалық ауытқушылықтармен оралып, снайпер Крис Кайлды өлтіргені үшін айыпталған бұрынғы теңіз жаяу әскері Эдди Рэй Руттың ісі бойынша үкім шығаруы тиіс алқа билер ант қабылдады.

Кайлдың өмірбаяны бойынша түсірілген голливудтық «Снайпер» (American Sniper) фильмі әлемдік кинопрокатта көрсетіліп жатыр.

Кайл мен оның досы 2013 жылғы ақпанда Техастағы атыс полигонында оққа ұшады.

Руттың қорғаушысы АҚШ-та Клинт Иствуд кинофильмінің прокаты аяқталғанға дейін үкім шығаруды тоқтата тұруды сұрады.

Бұрынғы теңіз жаяу әскері Крис Кайл Иракта төрт жыл жауынгерлік іссапары кезінде 160 террористің көзін жойған.

"Снайпер" фильмі АҚШ экранына шыққан алғашқы демалыс күндері 90 млн. доллар кассалық түсім жинаған. Ол сондай-ақ алты аталым бойынша «Оскарға» ұсынылды.