АҚШ Әскери-Әуе Күштері құрлықаралық баллистикалық зымыранды сынады

АСТАНА. Тамыздың 24-і. ҚазАқпарат - АҚШ Әскери-Әуе Күштері Minuteman 3 құрлықаралық баллистикалық зымыранды сынақтан ойдағыдай өткізді.


Ұшыру Калифорния штатының Санта-Барбара округіндегі Ванденберг авиабазасында тамыздың 23-інде 9 сағат 01 минутте жүзеге асырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Лента.ру сайтына сілтеме жасап.

Дереккөздің айтуынша, ядролық оқтұмсықпен жарақталмаған зымыран ұшыру орнынан 6750 шақырым қашықтықта Маршалл аралдарының аумағында шартты нысанға дәл тиген.