АҚШ Әскери-әуе күштерінің екі жоюшы ұшағы Атлант мұхитының үстінде соқтығысып қалды

АСТАНА.  Қазанның  16-сы. ҚазАқпарат  -    Бейсенбі күні Атлант  мұхитының  үстінде АҚШ Әскери-әуе күштерінің F-16  екі  жоюшы ұшағы соқтығысып қалды,

деп  хабарлайды  Франс Пресс агенттігі американ  әскерилерінің  мәлімдемелеріне сілтеме  жасап.

Оқиға    түнгі жаттығу кезінде  болған.  Жоюшы ұшақтардың бірі   Оңтүстік Каролина  штатындағы  әскери базаға аман-есен қонған.   Ал екінші  ұшақтың  тағдыры  туралы  ештеңе айтылмай  отыр,  оның  ұшқышы  із-түзсіз жоғалғандар  санатында.

«Бір ұшқыш  іздестірілуде»,-  деді    АҚШ Әскери-әуе күштерінің   сержанты Винсент Музон  ақпарат агенттігіне  берген  сұхбатында.  Оның айтуынша,   кеше   басталған  және жұма күні  жалғасқан  іздеу  шараларын   АҚШ-тың  жағалаудағы  күзет  командалары     жүргізіп жатыр.   Алдын-ала мәліметтер  бойынша,   ұшқыш   Чарлестон қаласы  орналасқан   жағалаудан  шамамен 48 шақырымдай   жерде   жоғалған.