Құтқарушы топ ұшақты Шығыс Йоркширден 74 миль (теңіз милі) жерден іздеп жатыр, ол осы маңда апатқа ұшырады деп саналып отыр. F-15C Eagle ұшағы Англиядағы АҚШ-тың ірі әскери базасы — 4 мыңдай америкалық әскери қызметші орналасқан RAF Lakenheath-ден ұшып шыққан.
F-15C Eagle оқу-жаттығу ұшуын орындау кезінде апатқа ұшыраған, онда тек бір ғана адам – ұшқыш болған. Апат себебі әзірге белгісіз.