АҚШ әскери күштері Үнді мұхитында Иранмен байланысы бар Majestic X кемесін ұстады

АСТАНА. KAZINFORM – АҚШ әскери күштері Үнді мұхитында Иранмен байланысы бар тағы бір «бірегейленбеген» кемені ұстады, деп хабарлайды CBS News. 

Фото: seatrade-maritime.com

АҚШ Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, АҚШ қарулы күштері Үнді мұхитында жүзуге рұқсат алмаған және Ираннан мұнай тасымалдаған, туы болмаған Majestic X кемесін тексерді.

Бұл операция Тегеран күштерінің сәрсенбіде Ормуз бұғазында екі коммерциялық кемені басып алуынан кейін ұйымдастырылып отыр. Бір күн бұрын Пентагон АҚШ әскери күштерінің Үнді-Тынық мұхиты қолбасшылығының жауапкершілік аймағында Иранмен байланысты Tifani шикі мұнай танкерін ұстап алғанын хабарлады. 

Еске сала кетейік, осыған дейін Ормуз бұғазын минадан тазарту мерзімі жарияланғанын жазған болатынбыз.