АҚШ Әскери теңіз флотын алғаш рет әйел адам басқарады

АСТАНА. ҚазАқпарат – АҚШ президенті Джо Байден адмирал Лиза Франкеттиді Әскери теңіз флот басшысы қызметіне тағайындады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Euronews агенттігіне сілтеме жасап.

Фото: Cody Purcell/US Marine Corps

Ол флот қолбасшысы міндетіне тамыздан бастап кірісіп, еңбегі сіңіп, отставкаға кетіп бара жатқан адмирал Майкл Гилдейдің орнын басады.

Бұл тағайындау Пентагон ұсынысына қайшы келеді және оны әлі Сенат бекітуі керек.

Лиза Франкетти АҚШ тарихындағы екінші адмирал-әйел, флотта 1985 жылдан бері қызмет етеді.

Ол Жерорта теңізіндегі Алтыншы АҚШ флотының, Кореядағы АҚШ әскери-теңіз күштерінің қолбасшысы болған, сондай-ақ Стратегия және жоспарлау біріккен бөлімінде қызмет еткен.

Қазір ол ӘТФ жедел бөлімінің басшысы.