АҚШ әскерилері теңіз бетінде 5 айдан бері адасып жүрген екі әйелді құтқарды

АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-тың әскери теңіз күштері бағытынан адасып, 5 айдан бері ашық теңізде жүзіп жүрген екі әйелді құтқарды, деп хабарлады ABC News телеарнасы.

Телеарнаның хабарлауынша, қасында иттерін ерткен екі әйел яхталарымен Гавай аралдарынан Гаитиге жетпек болып ашық теңізге шыққан. Жол бойында бағытынан жаңылған оларды АҚШ теңіз күштерінің «Ашлэнд» десант кемесі құтқарып қалды.

Кейін мәлім болғанындай, Дженнифер Аппель мен Таша Фуаба мамыр айында Таитиге өз беттерінше сапар шекпекші болған. Алайда теңізде дауыл соғып, кеменің қозғалтқышы істен шыққан. Ал, күшті жел оларды ашық теңізге алып кеткен. Сөйтіп, ашық теңіздің ортасында оларға көмек көрсететін ешбір кеме жолықпаған.

Абырой болғанда саяхатшылар мінген яхтада ұзаққа сақталатын тағамдар өте мол болған. Оларды әскерилер құтқаратын кезде яхта жапон аралдарына жақындап қалған екен.

«Олар бізді құтқарды. Алыстан кемені көрген біздің қуаныштан жүрегіміз жарылып кете жаздады»,-дейді құтқарылған әйелдердің бірі.