АҚШ әскерінен Саддам Хусейнді жасырған адам алғаш рет естеліктерімен бөлісті

АСТАНА. 17 тамыз. ҚазАқпарат - Ирактың бұрынғы президенті Саддам Хусейн сегіз ай бойы АҚШ билігінен арнайы үңгірде жасырынып жүріп, ешкіммен телефонмен сөйлеспеген, тек қана кітап оқып, жаза берген.

 Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы жазады.

«Интерфакс-Казахстан» хабарлағандай, ирак көшбасшысын өзінің Тикрит қаласындағы фермасына жақын маңдағы үңгірде жасырған Алаа Намик Хусейн қайтыс болғалы бері бірінші рет естелік айтты. Оның айтуынша, Хусейн оған келіп, өзін жасыруын, бірақ ұстап алған жағдайда бәрін де өлтіретінін айтқан. «Біздің исламда, арабтардың дәстүрінде біреу көмек сұрап келсе, оған міндетті түрде жәрдем беру қажет», - деді Намик. Сондай-ақ Хусейннің оның көзінше өзінің жақтастарына арнап америкалықтармен соғысуға шақырған сөз дайындағанын, түптің-түбінде өзінің ұсталатынын сезгенін жеткізді. «Саддам оны ұстап, өлтіретінін білді. Ол өзінің енді президент емес екенін, бәрінің біткенін түсінді. Сондықтан жаңа іс - басқыншыларға қарсы күрес бастады. Ол барын, соның ішінде ұлдарын да елі үшін құрбан етті», - деді Намик.

Айта кетейік, Алаа Намик пен оның ағасы Каистті ирак басшысымен бірге жарты жылға «Абу Грейб» түрмесіне қамаған.  Онда Намикті қараңғы қапаста ұстап, рок-музыканы бар даусына шығарып қойған. «Мен иттердің шабуылын да, соққыны бастан өткердім, бірақ музыканы жек көретінмін», - деді ол.