Әуе апаты салдарынан үш адам көз жұмды. Бұл туралы Росбалт хабарлады.
Piper Cherokee және Cessna 140 ұшақтарының қатысуымен болған оқиға жексенбі күні Норт-Коллинс елді-мекені маңында орын алды.
Жергілікті билік өкілдерінің мәліметінше, әуе кемелері автожолдар қиылысына жақын жерге, егістік алқабына құлаған. 60 жастағы ер адам мен 69 жастағы ерлі-зайыптылардың өліміне алып келген соқтығысудың себептері қазір анықталу үстінде.