АҚШ аспанында «Ұшақ арманы» бейнеленді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мексикадан  Канадаға дейін  Boeing 787 Dreamliner ұшағы Boeing 787 Dreamliner ұшағы өрнектеген бейнені қайталап,  АҚШ-тың материктік бөлігінен ұшып өтті, деп жазды «Моя планета».

«Лайнер арманының» тұмсығы (ұшақтың атауын осылай аударуға болады) Войомингте болса, артқы қауырсыны Кентууиден Аламбаға дейін, сол қанатының шеті мексикалық Техасқа, ал оң қанаты канадалық Мичиганға жақындады.

Ұшақ салған бейнені тек әуе кемесінің маршруттарын бақылайтын компьютер экранынан (мысалы, Flightradar24) ғана көруге болады.

Ұшақ Сиэтлде әуеге көтерілді. Ұшақтың мақсаты -Rolls-Royce шығарған жаңа қозғалтқышты сынақтан өткізу. Dreamliner өз бейнесін салумен 17 сағат айналысты.