Вашингтон қаласында 21 жастан асқан тұлғаларға жеке пайдалану үшін екі унцияға дейін (56,7 грамм) марихуананы сақтауға және бұл өсімдіктің алты данасын өсіруге рұқсат етілген. Марихуананы сатуға тыйым салынған, дегенмен тұрғындар бір унцияны басқа адамдарға бере алады.
Жергілікті тұрғындардың ерік білдіруіне қарамастан Вашингтонда марихуананы өсіруді заңдастыру шешіміне соңғы нүкте қойылған жоқ. Колумбия округінің басқа штаттарға қарағанда ерекше мәртебеге ие болғандығынан АҚШ Конгресі бұл бастаманы мақұлдамауы мүмкін. Кейбір заң шығарушылар қазірдің өзінде дәл осылай жасайтындарын білдіріп те үлгерді.