Нью-Йорктегі Джон Кеннеди атындағы халықаралық әуежайда Батыс Африка елдерінен ұшып келетін адамдар тексеруден өтеді. Ережеге сай, дәрігерлер тобы жолаушыларды толық зерттейтін болады.
Әсіресе, Гвинея, Сьерра-Леоне және Либериядан келушілерге көп көңіл бөлінеді. Вирусқа күдіктілер дереу ауруханаға жіберілмек.
Дәл осындай шаралар Вашингтон, Чикаго және Атланта әуежайларында да жүргізіледі. Осы уақытқа дейін аталған вирустан 4033 адам көз жұмды.