АҚШ Ауғанстанда ауқымды операция өткізуде

Фото: None
КАБУЛ.  Шілденің 2-сі.  ҚазАқпарат - АҚШ әскерилері  Ауғанстанның  оңтүстігіндегі Гильменд  провинциясында  тәлібтерге  қарсы үлкен операция бастады,

 деп хабарлайды  ҚазАқпарат  Би-Би-Си  телекомпаниясына  сілтеме  жасап.

Операцияға 4 мыңға  жуық теңіз жаяу  жасақтары,   650   ауған  әскерилері  қатысуда. Бригада  генералы   Лари Николсонның  хабарлауынша,  бұл операция  бұған дейінгі     шаралардан  «өзгеше»  және   оған қатысушы  жауынгерлердің  саны  анағұрлым  көп.   Әскери  операцияға    тікұшақтар  мен     көлік құралдары  қатысуда,     НАТО ұшақтары  әуеден қолдау көрсетуде.