АҚШ Ауғанстанға қосымша 30 мың әскери қызметкер жөнелтеді - Обама

None
sp;АСТАНА.  Желтоқсанның 2-сі. ҚазАқпарат   - Құрама Штаттар  келер жылы  Ауғанстандағы     контингентінің санын   30 мыңға  адамға арттырмақ.

 Бұл туралы  АҚШ Президенті Барак Обама   Вест-Пойнт  әскери  академиясында   Ауғанстандағы   жағдай  туралы сөйлеген сөзінде  мәлім етті,    деп хабарлайды  «Азаттық»  радиосы.    Обама  сондай-ақ   коалициядағы одақтас елдерді де  Ауғанстанға қосымша  әскер  жөнелтуге      үндеді.

 Обаманың  бұл шешімі -   елде әрекет етіп  отырған  «Әл-Кайеда»  содырлары мен «Талибан»  қозғалысының көздерін     барынша  қысқа мерзімнің  ішінде     жоюға бағытталған  АҚШ-тың Ауғанстандағы   жаңа  стратегиясының    бір  тармағы.  АҚШ Президенті сондай-ақ бұл міндетті  шешу  үшін   Пәкістанмен  тығыз  ынтымақтастықтың  қажет   екенін    баса  айтты.

 Обаманың сөзіне қарағанда,  жаңа  стратегия  нәтиже  берген жағдайда  2011   жылдың   жаз  айынан   бастап   АҚШ әскері біртіндеп Ауғанстаннан   әкетіле  бастайды.