АҚШ азаматы 6 жылға сотталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Солтүстік Кореяда қамауға алынған АҚШ азаматы 6 жылға сотталды, деп хабарлады www.24.kz.

Ол «Дұшпандық әрекеттер жасады» деп айыпталды, сөйтіп жазасын еңбек лагерінде өтейді. 24 жастағы Мэттью Миллер 10 сәуірде қамалған болатын. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, оның темір торға отырғызуға шекарадан өтер кездегі әдепсіз қылықтары себеп болған. Ол туристік визасын жыртып, бар даусымен «Мен Солтүстік Кореяны паналайтын жер ретінде таңдадым, маған баспана керек», - деп айқайлаған.