Иран 2015 жылдың күзінде БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің екі қарарын бұзатын орта қашықтықтың баллистикалық зымыранын сынаған болатын.
Жаңа санкция Иранның зымыран бағдарламасына қатысты 11 азамат пен компанияға американдық банк жүйесін пайдалануға тыйым салады. Бұл шешім Иранға қатысты халықаралық санкцияларды алып тасталғаннан кейін қабылданды.