«Біз үш сақшының қаза тапқаны жайлы мәлімет алдық. Оқиғаның толық мән-жайын білмейміз. Тағы бірнеше полиция қызметкері жарақат алды деген ақпар бар», - деді тележүргізуші.
Кейінірек NBC телеарнасы Twitter әлеуметтік желісіндегі парақшасында оқ атқан күдіктінің көзі жойылғанын хабарлады.
Еске сала кетейік, шілде айының басында полиция Батон-Руж қаласында жасөспірімді атып тастаған болатын. Бұдан кейін Миннесоте штатында тағы бір афроамерикалық полицейлердің қолынан қаза тапты. Осыдан соң қарсылық шаралары басталып, полицейлерге халықтың оқ ату оқиғасы жиілеп кеткен.
8 шілде күні Далласта Ауған ардагері Мика Джонсон есімді азамат полицейлерге оқ атып, 5 адам қаза тапқан еді. Кейін оны бомбаның көмегімен өлтірген еді сақшылар.