«Нұр Отан» партиясының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, сұхбат барысында алдағы президенттік сайлауға қатысты бірқатар мәселелер талқыланды.
Штаб мүшелері және «Қазақстан - 2020» Жалпыұлттық демократиялық күштер коалициясы сайлау алды үгіт науқаны шеңберінде елдің барлық аймақтарына барып қайтты. Н.Нығматулин, қазақстандықтармен болған кездесулерінде елдің көпшілік азаматтары Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевты және оның бағытын қолдайтындықтарын білдіргенін айтты. Сондай-ақ ол, Н.Назарбаевтың сайлау алды штабының барлық үгіт науқаны ашық және әділ жүргізілгені туралы хабардар етті. Н.Нығматулин Қазақстанда сайлау заңнама шеңберінде өтетіндігіне сенімін білдірді.