АҚШ Беларуске қатысты ЕО санкциясын қолдауға дайын
12:29, 21 Қаңтар 2011
АСТАНА. 21 қаңтар. ҚазАқпарат - АҚШ Беларуске қатысты бұрын тоқтатылған біржақты санкцияны қалпына келтіруге ниетті.
Бұл туралы шетел жорналшыларына арналған брифингте АҚШ мемлекеттік хатшысының бұқарамен байланыс және баспасөз жөніндегі көмекшісі Филип Кроули мәлім етті, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.
Барак Обаманың әкімшілігінен Беларуске қарсы санкцияны қолдану жөнінде хабарландыруды күтуге бола ма, деген сауалға Кроули америка билігі қазір Еуроодақтағы әріптестерімен кеңесуде, алдағы уақытта бұл мәселе жөнінде қандай ұстаным болатыны жақында анықталады деп жауап берді. Вашингтон Брюссельмен бірге Беларус билігін желтоқсандағы президент сайлауын ұйымдастырғаны үшін қатаң сынға алған болатын.
"Бізге ЕО қандай қадамдарға баратыны өте жақсы белгілі және біз оны қолдаймыз", - деді американдық дипломат.