АҚШ бейбітшілік жоспарын төрт бөлімге бөлуді ұсынды - Путин Уиткоффпен кездесу туралы
АСТАНА. KAZINFORM – Ресей президенті Владимир Путин америкалық эмиссарлар Стивен Уиткофф және Джаред Кушнермен кездесуі «өте пайдалы» болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды ТАСС ақпарат агенттігі.
Путин бұл туралы India Today-ге берген сұхбатында мәлімдеді.
Ресей басшысы кездесудің бес сағатқа созылғанын, себебі олар ұсынған бейбітшілік жоспарының әрбір тармағын қарастыруға тура келгенін атап өтті.
Оның сөзінше, Украинадағы жағдайды реттеу бойынша келіссөз жүргізушілердің ұсыныстары Ресей мен АҚШ-тың Аляскадағы саммитте қол жеткізген келісімдерге негізделген.
Владимир Путин сонымен қатар АҚШ өзінің бейбітшілік жоспарының 28 тармағын төрт бөлімге бөліп, оларды сол форматта талқылауды ұсынғанын мәлімдеді.
-Трамп Украинадағы келісім бойынша консенсусқа қол жеткізуге тырысып отыр, бірақ «бұл оңай міндет емес», - деп қосты ол.
Еске сала кетсек, бұған дейін Трамптың Украинадағы бейбітшілік жоспарының барлық 28 тармағы жарияланды.
Осы аптада Кремльде Ресей президенті Владимир Путин мен АҚШ президентінің арнайы өкілі Стивен Уиткофф арасында бес сағатқа созылған кездесу өтті. Келіссөздер Украинадағы жағдайды реттеуге арналды.
Украина жөніндегі АҚШ-тың бейбіт жоспарындағы алғашқы нұсқадан кейін Ресей тағы төрт құжат алды, олар РФ президенті Владимир Путиннің америкалық өкілдермен Кремльдегі кездесуінде талқыланды.